Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Америкалық супержұлдыз Дженнифер Лопестің ресми кеңсесі оның осы жазғы гастрольдік кестесін жариялады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Әнші 1 тамыз күні Астанада өнер көрсетеді. Қазақстан астанасына ол Абу-Дабиден келеді. Бұл концерт Дженнифер Лопестің Up All Night атты әлемдік турнесі аясында өтеді. Шоу "Астана Арена" спорт кешенінде ұйымдастырылады.
— Бұл жазда менің бірнеше ерекше концертім болады. Сіздермен кездесуді асыға күтіп жүрмін. Біз тым ұзақ көріспедік. Бұл жаз керемет болады, - деп жазды Лопес Instagram парақшасында.
Америкалық поп-жұлдыздың әлемдік турне кестесінде Астана да бар. Жалпы, ол 17 қалада өнер көрсетпек. Әр концерт бір-екі күн аралығында өтеді.
Гастрольдің алғашқы концерттері курортты қалаларда – Стамбул, Анталья және Шарм-эль-Шейхте басталады. Сонымен қатар, әнші Еуропаның бірнеше ірі қаласына – Кадис, Малага, Мадрид, Барселона, Варшава, Будапешт және Бухарестке барады.
Орталық Азия елдерінен Лопес тек Астанаға келеді. Қазақстан астанасындағы концерттен кейін ол турнесін Армения астанасы Ереванда аяқтайды.