| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстанда eGov-тың жаңа нұсқасы — eGov 3.0 порталы іске қосылды. Жаңа жүйе мемлекеттік қызметтерді пайдалануды жеңілдетіп, қазақстандықтарға ыңғайлы цифрлық орта ұсынуға бағытталған, — деп хабарлайды Dauletten.kz.
Қазақстанда заманауи eGov 3.0 порталы іске қосылды. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мадиев мәлімдеді.
Министрдің айтуынша, портал QazTech платформасы негізінде әзірленген. Жаңа нұсқада мемлекеттік қызметтерді алу процесі барынша жеңілдетіліп, пайдаланушыларға қолайлы етуге басымдық берілген.
«Қазір сұранысқа ие бірқатар қызмет жаңа форматта қолжетімді. Порталда кері байланыс нысаны іске қосылды. Онда әрбір пайдаланушы қызметтерді ыңғайлау жөнінде өз ұсынысын қалдыра алады. Барлық қазақстандықтарды белсенді қатысуға шақырамыз. Үздік ұсыныстар порталды одан әрі жаңғырту барысында ескерілетін болады. Жұмыс әрі қарай жалғасатын болады», – деді Жаслан Мадиев Үкімет отырысында.
Порталдың жаңа нұсқасында азаматтар мемлекеттік қызметтердің сапасы мен ыңғайлылығына қатысты пікір қалдырып, жүйені жетілдіруге өз үлесін қоса алады.
Сондай-ақ министр Қазақстандағы барлық мемлекеттік орган кезең-кезеңімен QazTech платформасына көшетінін хабарлады. Бұл мемлекеттік ақпараттық жүйелерді біріктіріп, қызмет көрсету сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Үкіметтің мәліметінше, eGov 3.0 цифрлық мемлекеттік қызметтерді дамытудағы жаңа кезеңнің бастамасы болмақ. Жоба мемлекеттік органдардың жұмысын тиімдірек етіп, азаматтардың қажетті қызметтерді тез әрі ыңғайлы алуына жағдай жасауға бағытталған.