Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Атырау қаласының маңындағы Дамбы ауылына баратын жолдың бойында бір мезетте төрт көлік соқтығысты. Жол апатынан екі адам мерт болып, төртеуі ауруханаға жеткізілген. Бұл туралы Атырау қалалық полиция басқармасының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Dauletten.kz.
Департаменттің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы сағат 17:00 шамасында болған.
Атырау-Дамбы тас жолының бойында орналасқан Көкарна ауылындағы «Алтын құрылыс» дүкенінің маңында бірден төрт көлік – Toyota Prado, КамАЗ, Кіа және ВАЗ-2112 соқтығысты. Жүк көлігі аударылып қалған.
Жол-көлік оқиғасының салдарынан ВАЗ-2112 көлігінің жүргізушісі мен жасөспірім жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Осы көлікте отырған кәмелетке толмаған үш жасөспірім мен әйел жедел жәрдем көлігімен облыстық ауруханаға жеткізілді.