Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
2025 жылғы шілде айынан бастап Қарағанды мен Астана арасында 567 орынға есептелген жүрдек электр пойызы қатынай бастайды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Бұл туралы Теміржол және су көлігі комитетінің төрағасы Жәнібек Тайжанов мәлімдеді
Күзде Астана – Бурабай курорттық аймағы бағыты бойынша кезекті жаңа электр пойызы жүре бастайды. Жол жүру уақыты – 2,5 сағат, пойыздың сыйымдылығы – 360 жолаушы.
Биыл 226 жаңа вагон сатып алу жоспарланған. Осы кезге дейін жыл сайын шамамен 150-180 вагон сатып алынса, биылдан бастап 2029 жылға дейін жыл сайын 200-ден астам вагон сатып алынады.
Бұл 2029 жылға дейін жолаушы вагондары паркін толықтай жаңартуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ биылғы жылдан бастап Stadler Kazakhstan зауыты да вагондарды шығаруға кірісті.