462.22
536.5
5.43
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Екібастұзда “синтетика” өндіретін зертхана жойылды: екі күдікті қамауға алынды
Жаңалықтар

Екібастұзда “синтетика” өндіретін зертхана жойылды: екі күдікті қамауға алынды

20.08.2026
мин
0
66

Екібастұзда “синтетика” өндіретін зертхана жойылды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Жедел-тергеу іс-шараларының нәтижесінде Павлодар облысының Екібастұз қаласында синтетикалық есірткі өндіретін зертхананың қызметінің жолы кесілді.

Жергілікті тұрғындар — ағайынды екі азамат ұсталды. Олар тұрғын үйдің ауласында тыйым салынған заттарды синтездеуге жабдықталған гаражда “синтетиканы” ірі көлемде өндіруді жолға қойған.

Тінту барысында 10 келіден астам “альфа-PVP” психотроптық заты, 860 литр химиялық сұйықтық, оның ішінде 300 литрлік реактор-сыйымдылық, зертханалық ыдыстар, таразылар және жеке қорғаныс құралдары тәркіленді.  

Күдіктілердің әрекеттерін “Signal” мессенджеріндегі куратор үйлестіріп отырғаны анықталды. Ол есірткі өндірудің бүкіл циклін бақылап, оларға прекурсорлар салынған жасырын орындарды қалдырып отырған.

Есірткі өндірісін ұйымдастыру фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 297-1-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Енді ұйымдастырушыларға тіпті өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейін қатаң жазалау шарасы тағайындалуы мүмкін.

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Прекурсорларды жеткізу арналарын, сондай-ақ есірткі бизнесін ұйымдастыруға қатысы бар өзге де тұлғаларды анықтау бойынша одан әрі іс-шаралар жүргізілуде.

Ішкі істер министрлігі Қазақстанда есірткі өндірісін жолға қоюға бағытталған кез келген әрекет қатаң әрі ымырасыз түрде тоқтатылатынын ескертеді.

Полиция барлық азаматты “Заң мен тәртіпті” сақтауға шақырады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл