Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Екібастұзда той күні кортеж жасағандар жауапқа тартылды
Жаңалықтар

Екібастұзда той күні кортеж жасағандар жауапқа тартылды

10.07.2025
мин
0
351

Екібастұзда жол қозғалысы ережелерін бұзған автокортеж жүргізушілері жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Dauletten.kz.

Бейнебақылау камералары арқылы жол қозғалысын қадағалау кезінде Стелла қаласы автожолында бірқатар жол ережесінің өрескел бұзылғаны анықталды. ЖБО қызметкерлері колоннамен келе жатқан бірнеше көлікті байқап, бірден шара қабылдады. Ереже бұзушылықты кездейсоқ түсіріп алған, бұл жағдайға бей-жай қарамаған жүргізушілер де полицияға жүгінді. Анықталғандай, бұл автокортеж үйлену тойға арналған. Алайда салтанатты түрде ұйымдастырылған мерекелік жүріс жол қозғалысының басқа қатысушыларына кедергі келтіріп, тіпті апатты жағдай тудыруы мүмкін еді. Көліктер колоннамен қозғалып, қозғалысты тежеп, жолдағы қауіпсіздік талаптарын өрескел бұзған.

Тексеру нәтижесінде полиция қызметкерлері ӘҚБтК-нің бірнеше бабы бойынша 15 әкімшілік хаттама толтырды. Ереже бұзушылықтар мыналарға қатысты болды:

- маневр жасау тәртібін сақтамау;

- жолаушыларды тасымалдау кезінде қауіпсіздік талаптарының бұзылуы (жүріс кезінде терезеден денені шығару);

- қарсы жолаққа шығу; - қауіпсіздік белдігін тақпау;

- қайта жолақ ауыстырғанда бұрылыс шамын қоспау;

- сақтандыру полисінің болмауы.

Mercedes-Benz, Lexus 570 (brr 14), Toyota Prado және Toyota Camry көліктерінің жүргізушілері анықталып, тиісті жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар әрбір жүргізушімен жол ережесін сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Полиция азаматтардың қауіпсіздігі әрқашан басты назарда екенін атап өтті. Жол қозғалысына қатысушылардың әрбірі ережелерді қатаң сақтауға тиіс, өйткені кейбір жүргізушілердің жауапсыздығынан жазықсыз адамдар зардап шегуі мүмкін. Заң және тәртіп – бұл ішкі істер органдарының басты қағидасы. Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті сақтау – полиция қызметінің негізгі бағыттарының бірі. Ал құқық бұзушылар өз әрекеті үшін міндетті түрде жауап береді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл