Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Экотуризмді дамыту шараларын жүзеге асыру: жаңа бағыттар мен жобалар
Жаңалықтар

Экотуризмді дамыту шараларын жүзеге асыру: жаңа бағыттар мен жобалар

21.07.2025
мин
0
210
Сурет: moya-planeta.ru

Экотуризмді дамыту шараларын жүзеге асыру: жаңа бағыттар мен жобалар. Министрлік ақпаратпен бөлісті, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Былтыр еліміздегі ұлттық парктерге 2,8 миллионнан астам адам барған. 2023 жылғы дерекпен салыстырғанда 18%-ға көп. Туристер арасында Іле-Алатау ұлттық паркі, Шарын шатқалы, Алтын-Емел және Көлсай көлдері ерекше танымал. Мемлекет басшысының ішкі туризмді дамыту жөніндегі тапсырмаларына сәйкес, Туризм және спорт министрлігі жаңа экотуристік бағыттарды дамыту бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп жатыр. Қазіргі уақытта шамамен 750 шақырым табиғи маршрут абаттандырылған. Алдағы жылдары маусымдық ерекшеліктер, басым бағыттар және көлік қолжетімділігі ескеріле отырып, тағы 350 шақырым жолды жабдықтау жоспарланып отыр. Биыл тоғыз негізгі туристік соқпақ салу көзделген.

Ірі жобалардың бірі — Alatau Amanaty бағыты. Ол «Аюсай» визит-орталығының негізінде жүзеге асырылып жатыр. Бұл жоба Іле Алатауының көркем жоталарымен өтіп, Шарын шатқалын «Таңбалы» қорық-музейімен байланыстыратын 1200 шақырымнан астам жолды қамтиды. Маршрут бойында этноауылдар, кемпингтер, глэмпингтер мен гастротуризм нысандары салынады. Болашақта бұл бағыт ішкі және халықаралық оқиғалы туризм үшін тұтас экожүйеге айналмақ. Alatau Amanaty жобасы саланы дамытумен қатар, ауыл тұрғындарын экономикалық белсенділікке тартуға да бағытталған.

Бастама KazAlpineClub қоғамдық бірлестігіне тиесілі және оны AMANAT партиясы, ҚР Туризм және спорт министрлігі, Kazakh Tourism ұлттық компаниясы, сондай-ақ Алматы қаласы мен Алматы облысының әкімдіктері қолдап отыр.

Бүгінде маршруттың негізгі аялдамалары туристер үшін тартымды нүктелерге айналып отыр. Олардың қатарында: «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі, Көк-Жайлау шатқалы, Бутаковка сайы, Алма-Арасан ыстық бұлақтары, Үлкен Алматы көлі, VIII–XIII ғасырлардағы Талхиз қалашығы және Oi-Qaragai тау курорты бар. Жобаның іске қосылу күні қатысушылар «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында таулы аймақтарда тазалық жұмыстарын жүргізіп, экологиялық іс-шара өткізді.

Мұндай жобаларды жүзеге асыру тек тұрақты туризмді дамытуға ғана емес, сонымен қатар жаңа жұмыс орындарын ашуға және жергілікті қауымдастықтарды қолдау арқылы өңірлер үшін жаңа экономикалық мүмкіндіктер береді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл