Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Екпе алмағандардың балабақшаға баруына тыйым салынбақ
Жаңалықтар

Екпе алмағандардың балабақшаға баруына тыйым салынбақ

31.03.2023
мин
0
484

Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова «Время» газетіне берген сұхбатында вакцинацияланбаған балаларға балабақшаларға баруға тыйым салынатынын айтты. Себебі білім беру ұйымдарында қызылша ауруының саны күрт өскен, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Наурызда Қазақстанда қызылшаның 70-тен астам жағдайы зертханамен расталды.

Ең қауіпті жағдай Алматыда тіркелген. Мұнда жыл басынан бері қызылшамен 46 науқас ауырды. Науқас балалардың жартысының ата-аналары екпеден бас тартты.

Еліміздің бас санитарлық дәрігерінің айтуынша, балабақша тобындағы балалардың 90%-ы вакцинациялануы керек. Егер екпе алмағандардың саны 10%-дан көп болса, онда олардың келуіне тыйым салу мәселесі қарастырылады.

«Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрықтарының бірінде норма бар. Балабақшаларда вакцинацияланбаған балалардың саны 10 %-дан аспауы керек. Жергілікті санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменттеріне осыны анықтауға мониторинг жүргізуді тапсырдық. Егер норма сақталмаса, вакцинацияланбаған балаларды балабақшаларға жіберуді тоқтатамыз. Мұны өзіміз ауырмас үшін және басқаларға жұқтырмас үшін жасаймыз. Басқа жол жоқ. Бұл – заң нормасы, ортақ жауапкершілік. Науқастардың саны өсе береді, біз балаларды қорғауымыз керек», – дейді Айжан Есмағамбетова.

Вакцинацияланбаған балаларда қызылша ауруының даму қаупі жоғары.

Естеріңізге салсақ, елімізде қызылшаға қарсы шұғыл екпе салу керек екені хабарланды.

фото: Almaty.tv

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл