Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша жаза күшейді, деп хабарлайды Dauletten.kz «Хабар 24-ке» сілтеме жасап.
Әкімшілік кодекстегі өзгерістерге сай тәртіп сақшылары арыз түспестен іс қозғай алады. Сондай-ақ тараптарға бір-ақ рет татуласуға мүмкіндік беріледі. Әйелін қайта-қайта ұрып-соққандар 25 тәулікке дейін қамауға алынуы мүмкін. Жанжалдың құрбаны болып жатқандар әлі де көп. Астанадағы тәртіп сақшылары күнде кешке тұрмыстық жанжалды шешуге мәжбүр.
Елде шілде бойы тұрмыстық жанжалға қатысты 10 мың шағым түскен. Оның 92% айыптылар жауапқа тартылды. 5-10 тәулікке әкімшілік қамауға алынғандар да бар. Әйеліне қайта қол көтергендер 25 тәулікке дейін қамалуы мүмкін. Жалпы мамандар жанжал салдарымен күресуден бұрын алдын алуға мән беру керек дейді.
Еске салсақ, шілденің басынан бері тұрмыстық зорлық-зомбылық жазасы күшейді. Әкімшілік кодекстегі өзгерістерге сай полиция арызды күтпестен істі тергей алады.