Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Елімізде әкімдерге қазақ тілін білу міндеттелді
Жаңалықтар

Елімізде әкімдерге қазақ тілін білу міндеттелді

15.09.2023
2 мин
0
776

Енді жоғары лауазымды мемлекеттік қызметкерлерге қазақ тілін білу міндетті болып саналады. Бұл туралы «Мемлекеттік тіл – татулық негізі» атты дөңгелек үстелде Ғылым және жоғары білім министрлігі тіл саясаты комитетінің төрағасы Ербол Тілешов айтты, деп хабарлайды Dauletten.kz. 

«Осы немесе келесі айда Үкімет «Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын» бекітеді. Онда жоғары лауазымды мемлекеттік қызметкерлерге мемлекеттік тілді білуді міндеттеу енгізіледі. Алғашында барлық мемлекеттік қызметкерге міндеттеуді енгізіп көрдік, бірақ түрлі қарсылықтар болды. Талқылау барысында министр, министр орынбасары, әкім, әкім орынбасары секілді тек жоғары лауазымды тұлғаларға мемлекет тіл білу міндетелді», - деді Ербол Тілешов. 

Оның айтуынша, жаңа тұжырымдамада мемлекеттік тілде іс-қағаздарды жүргізу, мемлекеттік тілде заң қабылдау, аударма сапасы мәселелері қарастырылған. 

«Әсіресе құжаттардың түпнұсқада мемлекеттік тілде дайындалуы маңызды. Мұнда қазақ тілі әлі күнге дейін аударма тілі болып қалуда, бұл шындық. Қазір 30 жылда үлкен мамандар легі қалыптасты, сондықтан талап қозғау керек деп ойлаймын», - деді Ербол Тілешов.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл