| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстанда балалардың TikTok пен Instagram-ға кіруіне жас шектеуін енгізу ұсынылды. Мұндай бастаманы Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов көтерді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, Қазақстанда бала TikTok немесе Instagram-ға 5-6 жастан бастап еш кедергісіз, тіпті ата-анасының келісімінсіз, верификациясыз тіркеле алады. Осылайша ол кез келген контентке қол жеткізе алады.
- Ал көптеген елде бұл мәселе заңмен реттелген. Мысалы, Дания мен Аустралияда тіркелуге рұқсат жасы - 15-16 жас. АҚШ, Ұлыбритания және Ирландияда да жас бойынша шектеулер енгізілген. Әлеуметтік желіге ата-анасының расталған келісімімен ғана тіркеле алады, - деді ол.
Депутат осы мәселеге орай жауапты министрліктердің өкілдерінің пікірін сұрады.
Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Дмитрий Мун Қазақстанда қатаң шектеулер енгізу жоспарланып отырмағанын, бірақ бұл бағытта жұмыс жүргізіліп жатқанын айтты.
Тағы көру