Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Елімізде бет-әлпетті тұмшалайтын киімге айыппұл салынбақ
Жаңалықтар

Елімізде бет-әлпетті тұмшалайтын киімге айыппұл салынбақ

03.12.2025
мин
1
252
Сурет: pixabay.com

Қазақстанда қоғамдық орындарда адамның бет-әлпетін жабатын киімдер киюге қатысты жаңа талаптар бекітілді. Мәжіліс отырысында тиісті өзгерістер екінші оқылымда қабылданды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Депутат Магеррам Магеррамовтың айтуынша, енді бет-жүзді толық немесе жартылай жауып, тұлғаны тануға кедергі жасайтын киімдер киюге әкімшілік жауапкершілік қарастырылады.

- Қоғамдық орындарда адамның бет-әлпетін тануға кедергі келтіретін киім киюге тыйым енгізілді. Алғашқы құқықбұзушылық үшін ескерту, қайталанған жағдайда 10 АЕК (2025 жылы бұл - 39 320 теңге) көлемінде айыппұл қарастырылған, - деді депутат.

Қабылданған түзетулер Сенатқа жіберіледі. Егер жоғарғы палата мақұлдаса, құжат Президентке қол қоюға бағытталады. Нақты қашан күшіне енетіні белгісіз. 2026 жылы АЕК өсуіне байланысты айыппұл көлемі 43 250 теңгеге дейін артуы мүмкін.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
1 Пікір
С
Салтанат 03.12.2025
Дұрыс
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл