Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Елімізде ғалымдар мен ғылыми қызметкерлердің мәртебесі заң жүзінде бекітіледі
Жаңалықтар

Елімізде ғалымдар мен ғылыми қызметкерлердің мәртебесі заң жүзінде бекітіледі

25.02.2026
мин
0
114
Сурет: Қазақ газеті

Елімізде ғалымдар мен ғылыми қызметкерлердің мәртебесі заң жүзінде бекітіледі, – деп хабарлайды Dauletten.kz.

Мәжіліс ғылым саласындағы ғылыми-техникалық қызметті жетілдіруге бағытталған депутаттық түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады. Енді заң жобасында ғалымдар мен ғылыми қызметкерлердің мәртебесі айқындалмақ. Ғылыми қызметкерлердің құқықтары мен бостандықтарын қорғау, академиялық еркіндікке кепілдік беру, шығармашылық еркіндігі, сондай-ақ ғылыми қызметінің бағыттарын жоспарлау және айқындау мүмкіндігі қарастырылған.

Ұжымдық қолданыстағы ғылыми зертханалардың инфрақұрылымына қолжетімділікті реттейтін нақты жүйе бекітіледі. Бұдан бөлек, мемлекеттік тапсырыс шеңберінде сатып алынған ғылыми құрал-жабдықтарды барлық ғылыми қызметкерлердің пайдалануын қамтамасыз ететін арнайы механизм әзірленеді.

Аталған өзгерістер нәтижесінде пәндік олимпиадалар мен ғылыми жобаларға қатысып жүрген, ұлттық құрама сапына енген, ғылыммен жүйелі түрде айналысатын дарынды оқушылар да мемлекеттік жоғары оқу орындарының зертханаларын ақысыз негізде пайдалана алады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл