Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Елімізде көкөніс бағасы бірнеше пайызға қымбаттаған
Жаңалықтар

Елімізде көкөніс бағасы бірнеше пайызға қымбаттаған

20.10.2022
2 мин
0
793

Елімізде көкөніс импорты экспорт деңгейінен асып түсті. 


EnergyProm мәліметі бойынша, ағымдағы жылдың қаңтар-шілде айларының қорытындысы бойынша ҚР-да бұрыш импорты 3 есе өсіп, 26,9 мың тоннаға дейін жетті. Сондай-ақ  бақша дақылдарының импорты 85,2%-ға (50 мың тоннаға дейін), қияр мен қышқыл 69,7%-ға (7,6 мың тоннаға дейін), сарымсақ 64,4%-ға (3,5 мың тоннаға дейін), қырыққабат 61,5%-ға (103 мың тоннаға дейін), қызанақ 40,9%-ға ( 51 мың тонна) артты. Қызылша импорты 5,3%-ға  (9,1 мың тоннаға дейін) және баялды 2,3%-ға ( 2,2 мың тоннаға дейін) аз болса да өсті.


Картоп (19,9% - ға 42,9 мың тоннаға дейін), пияз (8,4%-ға 194,5 мың тоннаға дейін) және сәбіз (5,5%-ға 32,5 мың тоннаға дейін) сияқты көкөністер бойынша импорт көлемі қысқарды.


Өз кезегінде ҚР-да экспорт көлемінен де өсім байқалады. Қызылша 3,4 есе (892,9 тоннаға дейін), бұрыш 3,2 есе (565,3 тоннаға дейін), сәбіз 29,6%-ға (2,3 мың тоннаға дейін), қияр 24,6%-ға(3 мың тоннаға дейін), сарымсақ 24,4%-ға (403,2 тоннаға дейін) артты.


Алайда картоп, баклажан, қызанақ, бақша дақылдары, пияз және қырыққабат экспорты қысқарды.


Өкініштісі, ағымдағы жылы көкөністердің негізгі түрлері бойынша импорт көлемі экспорттан бірнеше есе артық. Қаңтар-шілде айларының қорытындысы бойынша баялды импорты экспорттан 67,3 есе, бұрыш 47,6 есе, қырыққабат 18,3 есе,  сәбіз 13,9 есе, қызылша 10,2 есе, сарымсақ 8,7 есе, пияз 6,3 есе, картоп  5 есе, қызанақ 4,9 есе және қияр 2,6 есе артық.


Биыл қыркүйек айының қорытындысы бойынша Қазақстанда көкөністер бір жылда 10%-ға қымбаттаған. Олардың ішінде қияр 29,6%-ға, қызанақ 21,8%-ға, пияз 13,9%-ға, картоп 13,2%-ға және қызылша бағасы 0,1%-ға өсті. Сәбіз (2,2%) және ақ қырыққабат (9,5%) арзандаған.


Алматы облысында баға шарықтаған. Бір жылда баға 27,8%-ға артқанын көруге болады. Жетісу және Атырау облыстары да бір жылда тиісінше 24,4% және 17%-ға қымбаттады.


Бағаның төмендеуі Жамбыл (0,6%-ға) және Ұлытау (2,3%-ға) облыстарында байқалды.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл