Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Елімізде коронавирустың ерекше штамы пайда болды
Жаңалықтар

Елімізде коронавирустың ерекше штамы пайда болды

01.12.2022
2 мин
1
1536

Серік Жұманғарин ел аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК отырысын өткізді, деп хабарлайды Dauletten.kz primeminister.kz-ке сілтеме жасап. 

Республикада қарашада қазан айымен салыстырғанда сырқаттанушылық 1,6 есе өсті (аптасына 453-тен 725 жағдайға дейін). Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова атап өткендей, COVID-19-ға тестілеу саны азайды, себебі ауру жеңілдей бастады, көбі медициналық көмекке жүгінбейді.

Барлық өңірлерде инфекцияның репродуктивтілік көрсеткіші бірден артық, бұл вирустың халық арасында белсенді айналымы мен таралуының белгісі.

Өңірлер бөлінісінде соңғы айда еліміздің 3 өңірінде – Алматы, Астана және Қарағанды облысында аурушаңдықтың апта сайын 2,2 есеге дейін өсуі байқалады.

Сондай-ақ 5 өңірде (Ақмола, Атырау, Жамбыл, Ұлытау облыстары, Шымкент қ.) соңғы аптадан бастап сырқаттанушылық аптасына 3,5 есеге дейін біртіндеп өсіп келеді.

Соңғы секвенирлеу қорытындысы бойынша республикада Омикрон BQ.1.1 (Цербер) штаммы нұсқасының 0,5% айналымы анықталды, 99,5% – Омикрон штаммының басқа нұсқалары.

Халықты коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациямен қамтамасыз ету мақсатында өңірлерге 12 жастан асқандарды вакцинациялау және ревакцинациялау үшін Pfizer вакцинасының 200 мың дозасы жеткізілді.

Отырыс қорытындысы бойынша облыстардың, Алматы, Астана және Шымкент қалаларының әкімдіктеріне эпидемиологиялық жағдайды, әсіресе халықтың санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауы, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын, оның ішінде ЖРВИ мен тұмаудың алдын алу бойынша шараларды бақылауда ұстау тапсырылды.

Ұжымдық иммунитетті сақтау үшін соңғы вакцинациядан кейін 6 ай аралықпен коронавирустық инфекцияға қарсы ревакцинация алу қажет, ол үшін республикада коронавирустық инфекцияға қарсы вакциналар мөлшері жеткілікті.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
1 Пікір
К
Катя 01.12.2022
Короновирусы құрып кетсинши
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл