Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Елімізде мектеп ішінен дзюдо залдары ашылды

Елімізде мектеп ішінен дзюдо залдары ашылды

15.12.2025
мин
0
89
Сурет: Туризм және спорт министрлігі

Елімізде мектеп ішінен дзюдо залдары ашылды, — деп хабарлайды Dauletten.kz.

Астана қаласындағы №45 мектепте еліміздегі дзюдодан алғашқы мамандандырылған мектеп залының салтанатты ашылуы өтті. Жоба мектеп спортын дамыту аясында Туризм және спорт министрлігі, Оқу-ағарту министрлігі және спорт ұйымдары бірлесе жүзеге асырылып жатыр.

Іс-шараға Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов, Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова, Қазақстан дзюдо федерациясының президенті Қуанышбек Есекеев, Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF), «Жеңіс» спорт клубы, сондай-ақ дзюдодан ұлттық құрама мүшелері мен Олимпиада және әлем чемпионаттарының жүлдегерлері Әбиба Әбужақынова мен Ғұсман Қырғызбаев қатысты.

Дзюдо залының ашылуы Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының Халықаралық дзюдо федерациясымен (IJF) өзара іс-қимылы және ҚР Туризм және спорт министрлігінің қатысуымен жүзеге асырылып жатқан Judo in Schools («Мектептегі дзюдо») бағдарламасы аясында өтті. Бағдарлама заманауи жабдықтармен қамтылған, әдістемелік базасы бар мектеп дзюдо залдарының желісін кезең-кезеңімен құруды көздейді.

Алғашқы кезеңде №45 мектептің («Келешек мектебі») дзюдо залы заманауи спорт құрал-жабдықтарымен қамтамасыз етілді. Білім беру ұйымына оқушыларға арналған арнайы спорттық инвентарь мен дзюдо кимонолары тегін табысталды.

Сондай-ақ залдың ашылу рәсімі аясында Туризм және спорт министрлігі, Оқу-ағарту министрлігі, Халықаралық дзюдо федерациясы, Қазақстан дзюдо федерациясы және «Жеңіс» спорт клубы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Құжат мектеп спортын дамыту бағытында тараптардың тұрақты өзара іс-қимыл тетігін қалыптастыруды көздейді.

Қазақстанда дзюдо спорты тұрақты дамып келеді. Елдос Сметовтің Париж Олимпиадасындағы тарихи алтын жүлдесінен кейін бұл спорт түріне деген қызығушылық едәуір артты. Қазіргі таңда елімізде дзюдомен шамамен 90 мың адам айналысады, ал спортшыларды даярлаумен 1300-ге жуық жаттықтырушы айналысады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл