Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі жыл дерегін ұсынды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Ведомствоның мәліметіне сүйенсек, жыл басынан бері отандық спортшылар түрлі жарыстарда 621 медаль, оның ішінде 213 алтын, 191 күміс және 217 қола жеңіп алды. Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасы 112 медаль олжалап, жалпыкомандалық есепте топ жарды.
Елімізде 8 миллион адам спортпен шұғылданады. 619 мың адам ұлттық спортпен айналысады. Қазақстанның Олимпиада және Паралимпиада құрамасы Париждегі дүбірлі бәсекеде 6 медаль жеңіп алды. 61 мың ерекше қажеттілігі бар адам спортпен шұғылданды. Қазақстанда 910 балалар мен жасөспірімдер клубы жұмыс істейді.
Бұл көрсеткіштер елімізде спортқа деген қызығушылықтың артып келе жатқанын көрсетеді. Спорт тек денсаулықты жақсартып қана қоймай, жастардың тәрбие алуына, бірлік пен топтық жұмысқа деген қабілеттерін дамытуға да әсер етеді. Сондай-ақ паралимпиада және басқа да ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін спорттық мүмкіндіктерді кеңейту – бұл қоғамдағы инклюзивтілікті нығайтуға ықпал етеді. Спортқа қызығушылықтың артуы болашақта еліміздің халықаралық ареналарда көбірек жетістікке жететініне үміт береді.