Қазақстанда жұмысшылар саны азайған. Бұл туралы LS порталы жазды.
Статистика комитеті еліміздегі жалдамалы жұмысшылар саны туралы мәлімет жариялады. Алайда бұл санақтың ішіне шағын кәсіпорындар кірмеген. Статистика комитетінің сәліметіне сүйенсек, осы жылдың II тоқсанында жұмысшылар саны 3,5 миллионнан астам адамды құраған. Бұл көрсеткіш I тоқсанға қарағанда 1,9 %-ға аз.
Бұған дейін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2020 жылдың І жарты жылдығында еліміздің 282 кәсіпорнында 3,6 мыңнан астам адам қысқартылғанын жазды. Ал Статкомитеттің ақпараты бойынша I тоқсанда бұл көрсеткіш жалпы Қазақстан бойынша 4,9 мың адамды құрады.
«Жұмыссыздықты салалық тұрғыдан қарастыратын болсақ, онда өмір сүру және тамақтану қызметтерін ұсынатын, сондай-ақ көтерме және бөлшек саудада, өнерде, ойын-сауықта және демалыс орындарында жұмыс істейтін компанияларда жұмысшылар саны азайды. Ал ауыл, балық және орман шаруашылықтарында, керісінше, 15% өсім байқалады», – делінген хабарламада.
Курылысшылар озин ози камтитын фирмаларда жумыс истейтин жане Мега т.б ойын сауык орталыктарында пол ыдыс жуып жургендер, айта берсе дал казирги уакытта жумыссыз калгандар коп 42500мулдем ала алмагандарда жетеди