Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Биыл Қазақстанда қызылшамен сырқаттанушылардың қатары артқан. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі – ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова айтты, деп хабарлайды Dauletten.kz.
«Қызылшамен ауыру елдің барлық аймақтарында тіркелуде. Сырқаттанушылықтың өсуінің себебі қызылшаға қарсы жоспарлы вакцина алмаған балалардың артуы болып отыр. Мәселен, ауырғандардың 72%-ы – вакцинациядан өтпеген балалар. Оның ішінде 60%-ы – ата-аналары вакцинациядан бас тартқан балалар, 20%-ы – вакцинацияға медициналық қарсы көрсетілімдері бар балалар, 20%-ы - егу жасы жетпеген балалар», – деді вице-министр.
Вице-министрдің айтуынша, қызылша ауруы бойынша эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру бойынша жұмыс жалғасуда. Оның алдын-алу клиникасы, диагностикасы және емдеу мәселелері бойынша медицина қызметкерлерін қайта даярлау жүргізілуде. Қызылша ошақтарында вакцинацияланбаған балаларды және 30 жасқа дейінгі басқа да байланыста болатын адамдарды анықтауға, оларды вакцинациялауға бағытталған эпидемияға қарсы іс-шаралар ұйымдастырылуда.
«Қазіргі кезде қызылшаның ошағында 2 мыңға жуық адам егілді. Сондай-ақ, уақытылы қызылшаға қарсы егілмеген 18 жасқа дейінгі балаларды анықтау жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күні 47 мыңнан астам бала егілді, жұмыс жалғасуда», – деді Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі.