Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
 Заңсыз сақталған қару-жараққа қанша сыйақы беріледі?
Жаңалықтар

Заңсыз сақталған қару-жараққа қанша сыйақы беріледі?

10.04.2023
1 мин
0
742

Бүгіннен бастап заңсыз сақталған қару-жарақ үшін ақшалай сыйақы алуға болады. Ол үшін кез келген аумақтық полиция органына өтініш беру қажет, деп хабарлайды Dauletten.kz.

Бұл акцияға республикалық бюджеттен 88 млн теңгеден астам қаражат бөлінуде. Ол мынадай мөлшерде беріледі.

  • автоматты ойық қару – 345 мың теңгеге дейін;
  • ойық ұңғылы мылтықтар мен карбиндер – 172 мың теңгеге дейін;
  • тапаншалар мен револьверлер – 138 мың теңгеге дейін;
  • тегіс ұңғылы мылтықтар – 103 мың теңгеге дейін;
  • травматикалық тапаншалар – 34 мың дейін.

Арнайы комиссиялар қарудың техникалық жай-күйін бағалап, өтемақының мөлшерін белгілейді. Тапсырылған барлық қару-жарақ жойылады. Ал антикварлық және тарихи құндылығы бар қару ішкі істер министрлігінің мұражайларына берілуі мүмкін.

Барлығы үш санат бар. I санат бойынша төлемнің 100%, II санатқа 70% және III санатқа кіретін қару жарақ үшін өтемақының 30% төленеді. Сыйақы төлеу мерзімі – 1 ай.

«Криминалист маманның қорытындысы негізінде атыс қаруы, оқ-дәрі немесе жарылғыш заттар болып танылмаған, ІІМ БДБ-ның «Тіркелген қару» және «Криминалдық қару» есебінде тұрған қару-жарақтарға, қолдан жасалған, сондай-ақ тегіс ұңғылы, газды және жарақат салатын патрондарға сыйақы төленбейді», - дейді әкімшілік полицияның қару айналымын бақылау бөлімінің бастығы Асылбек Ыдырысов.

Айта кетейік, өтінішті тікелей полиция органдарының кезекші бөлімдеріне беруге немесе телефон арқылы хабарласуға болады. Полицейлер өздері келіп, қаруды қабылдай алады. Ол үшін арнайы оқытылған мамандар мен техника бар.

Фото: Ашық дереккөзден

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл