Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Елімізде жалақысы ең төмен өңірлер аталды
Жаңалықтар

Елімізде жалақысы ең төмен өңірлер аталды

19.04.2021
1 мин
5
1880

2020 жылдың төртінші тоқсанында орта есеппен жан басына шаққандағы номиналды табыс оңтүстік өңірлерде 100 мың теңгеге де жетпеген, деп хабарлайды Ranking.kz.

Былтыр төртінші тоқсанда орта есеппен жан басына шаққандағы номиналды табыс 125,4 мың теңгені құрады. Бұл 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12,9%-ке көп.

Нақты мәнде, тауар мен қызмет бағаларын ескерсек, халықтың номиналды ақшалай табысы 5,2%-ке өсті.

Төртінші тоқсанда Қазақстан өңірлері арасында орта есеппен жан басына шаққандағы номиналды табыс Түркістан облысында 65,9 мың теңгеден Атырау облысында 230,2 мың теңгеге дейін құбылды.

Десе де Атырау облысында халықтың кірісі нақты мәнде 2%-ке төмендеген, ал Түркістан облысында, керісінше, 7,4%-ке артты.

Тұтастай алғанда, Қазақстан бойынша жан басына шаққандағы ең төменгі номиналды ақшалай табыс оңтүстік өңірлерде тіркеліп отыр. Ол жақта бұл көрсеткіш 100 мың теңгеден аспайды.

Мәселен Түркістан облысында 65,9 мың теңге болса, одан кейін Шымкент (79,1 мың теңге), Жамбыл облысы (86,5 мың теңге), Алматы облысы (90,7 мың теңге) және Қызылорда облысы (91,2 мың теңге), деп жазады Ranking.kz.

Ал жан басына шаққандағы ең жоғары номиналды табыс Атырау облысынан басқа, Нұр-Сұлтан (192,9 мың теңге) мен Алматы (185 мың теңге) қалаларында тіркелді.

Шымкентте орта есеппен жан басына шаққандағы табыс нақты мәнде 3,3%-ке, Батыс Қазақстан облысында 5,1%-ке азайды.

Биыл ақпан айында халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы номиналды табысы 122,4 мың теңгені құрады. Бұл 2020 жылдың ақпанымен салыстырғанда 11%-ке, ал 2021 жылдың қаңтарына қарағанда небәрі 0,1%-ке көп.

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
5 Пікір
А
Алуа 19.04.2021
Семейде 42500тг
Жауап беру
С
Света 19.04.2021
Жетісайд нянкалар садикте 45000 ақ алады
Жауап беру
Ж
Жанар 19.04.2021
Кызылорда обл Арал ауданынан садикте повор боп жасаймыз. Айлык табысымыз колымызға алатын 75мың ак тг осыныжогарыдағы көкелеримиз билемекен. Коп балалы анамын казир бари кымбатшылык оның устіне кредитіміз бар. Айлык табысымызды көтерсе дейміз. Өте төмен айлығымыз.
Жауап беру
А
Айнұр 20.04.2021
Қызылорда обл Қазалы ауданында жол бойы ауруханасының шоферлары 71000 айлық алады. Тең жартысы кредитке кетеді. Қалған суммамен отбасын асырау мүмкін емес. Тамаққа әрең жетеді. Комуслуга төленбейген қиып кетті газымызды. Халықтың жағдайы айтарлықтай жақсы деп айта алмаймын.
Жауап беру
Г
Гуля 19.04.2021
Мұғалімдерге деген қосқан ақшаны да әлі жартысын алмай отырмыз ғой, республикада ақша жоқ деп, төлей алмаса несін қостық деп жария етеді!
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл