| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Елорда маңында жаңа әуежай салу үшін бірнеше бағыт қарастырылып жатыр, алайда нақты орын әзірге бекітілмеген, — деп хабарлайды Dauletten.kz.
Астанада екінші әуежай салу жоспары талқыланып жатыр. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Ерсін Өтебаев мәлімдеді.
Оның айтуынша, жаңа әуежай Қосшы бағыты, Қарағанды тасжолы немесе Павлодар трассасы маңында орналасуы мүмкін. Қазіргі уақытта нақты орын анықталмаған.
Сонымен қатар елордада автотұрақ жүйесіне де өзгерістер енгізілмек. Жаңа тәртіп бойынша жексенбі күндері ақылы автотұрақтар тегін болады. Бұдан бөлек, әлеуметтік нысандардың жанындағы тұрақтар да ақысыз пайдалануға беріледі.
Қала билігі түнгі автобустарды іске қосуды жоспарлап отырған жоқ. Ал келесі жылдың соңына дейін Астанаға 300 жаңа автобус жеткізу көзделген.