Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Үкіметтің қаулысы негізінде 15 сәуір мемлекеттік қызметтер саласындағы жұмыскерлер күні мерекесі болып бекітілмек. Бұл туралы мәлімет «Ашық» НҚА порталы жариялады.
ҚР мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» ҚР Үкіметінің қаулысы – «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы қызметкерлер күні – 15 сәуір» деген 5-1-тармақпен толықтырылсын, – делінген құжатта.
Қаулыға қосымша берілген түсіндірмеде бұл бастама мемлекеттік қызметтер саласында еңбек ететіндер арасында корпоративтік мәдениетті дамытуға ықпал ететіні атап көрсетілген.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы қызметкерлердің жалпы саны 20 мыңнан аса адамды құрайды. Алайда бүгінде мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің өздерінің кәсіби мерекелерін атап өту мүмкіндігі жоқ және осындай мереке болмағандықтан, бірыңғай кәсіби қоғамдастық саласына өздерінің тиістілігін сезінбейді. Аталған кәсіби мерекені тізімге енгізу кәсіби қоғамдастықтың бірыңғай саласына жататынын сезінуге мүмкіндік беріп, корпоративтік мәдениеттің одан әрі дамуына ықпал етеді, – деп Қаулыға түсіндірме берілген.
Қаулыны ашық талқылау 1 наурызға дейін жалғасады.
Фото: Egemen.kz