Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 100.48 |
Лайт | 0.00 | 96.05 |
Данные на 14:40 мск |
2025 жылғы 14 сәуірден бастап еліміздің барлық өңірінде 125 теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары басталды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
– Модернизация және реконструкция жұмыстары аясында вокзал ғимараттарын қалпына келтіру мен жөндеу, сондай-ақ, инженерлік жүйелерді жаңарту жұмыстары атқарылмақ. Жөндеу жұмыстары аяқталған соң вокзалдардың өткізу қабілеті артып, заманауи күту залдары, интернет, ақпараттық жүйелер мен арнайы сервистер пайда болады деп күтілуде, – деп атап өтті көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров.
Қазақстандықтар мен шетелдік қонақтар арасында жоғары сұранысқа ие туристік локацияларда орналасқан 21 теміржол вокзалы да жөндеу жұмыстарымен қамтылды.
Көлік вице-министрінің айтуынша, жаңғырту жұмыстары тек ірі қалалардағы вокзалдармен шектелмейді. Оның сөзінше, елді мекендер мен шалғай аудандарда орналасқан нысандар да қамтылып отыр.
Шығыс Қазақстан облысындағы барлық 5 вокзал;
Ақмола облысында – 16;
Атырау облысында – 9;
Алматы облысында – 5;
Ақтөбе облысында – 7;
Абай облысында – 10;
Жетісу облысында – 8;
Батыс Қазақстанда – 4;
Қарағанды облысында – 11 вокзал жаңартылады.
Сонымен қатар өзге өңірлердегі бірқатар нысандар да қамтылатынын айтты.
Аталған жобаларды іске асыру барысында отандық материалдарды пайдалануға басымдық беріледі. Бұл ішкі экономиканың дамуына және жергілікті өндірушілерді қолдауға ықпал етеді.