Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Еліміздің қай өңірінде жаңа тұрғын үй бағасы өсуде
Жаңалықтар

Еліміздің қай өңірінде жаңа тұрғын үй бағасы өсуде

14.10.2021
1 мин
0
1137

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, қыркүйек айында бірінші нарықтағы тұрғын үй бағасы тамыз айымен салыстырғанда 0.7%-ке өсті. Еліміздегі құрылыс салушылардан жылжымайтын мүліктің бір шаршы метрі үшін баға орта есеппен 346 152 теңгені құрады.

Бағаның өсуі жеті қалада тіркелді:

- Семей (+4.4%);

- Көкшетау (+2.3%);

- Шымкент (+1.4%);

- Атырау (+0.9%);

- Нұр-Сұлтан (+0.8%);

- Ақтау (+0.7%);

- Алматы (+0.6 %).

Қалған өңірлерде өзгеріс жоқ.

Қыркүйек айының соңында ең қымбат бірінші нарықтағы тұрғын үй бағасы:

- Нұр-Сұлтанда (бір шаршы метрге 439 мың теңгеден астам);

- Алматы қаласында (410 мың);

- Шымкент (362 мың).

Ең арзан баспана бағасы Тараз, Қызылорда және Талдықорғанда (сәйкесінше 149 мың, 165 мың және 190 мың теңге) анықталды.

Бір жыл ішінде (2021 жылдың қыркүйегінен 2020 жылдың қыркүйегіне дейін) бастапқы тұрғын үй 13.1%-ке қымбаттады. Бағаның ең жоғары өсімі Павлодар (+25.1%), Шымкент (+16.4%) және Қызылорда (+15.1%) қалаларында байқалды.

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл