Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Елордада баспанаға қаражат қабылдауға құқығы жоқ компаниялар тізімі жарияланды
Жаңалықтар

Елордада баспанаға қаражат қабылдауға құқығы жоқ компаниялар тізімі жарияланды

09.10.2021
1 мин
0
3597

Төменде көрсетілген көппәтерлі тұрғын үй кешендерінде қолданыстағы заңнаманы айналып өтіп жасалған барлық мәміле – алдын ала брондау шарты, резервтеу шарты, инвестициялау шарты, талап ету құқығын басқаға беру шарты жарамсыз болып саналады. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі өз қаражатыңызға сақ болуды сұрайды. Рұқсат құжаттары болмаған жағдайда тұрғын үй сатып алуды кеңес етпейді.

«Тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы» Қазақстан Республикасының заңнамасында үлескерлердің қаражатын тиісті рұқсатсыз қабылдауға тыйым салынады. Бұл ретте Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 320-бабы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 214-бабы бойынша кәсіпкерлік қызметтің тыйым салынған түрлерімен айналысқаны үшін жауапкершілік көзделген.

Айта кетейік, үлескерлердің ақшасын қабылдауға құқығы жоқ құрылыс салушылардың тізімі құрылысы аяқталу сатысындағы нысандар тізімінен шығару жолымен және жаңа нысандарды қосу жолымен жүйелі түрде жаңартылады.

Үлескерлердің ақшасын қабылдауға берілген рұқсаттар туралы ақпарат «Нұр-Сұлтан қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» ММ сайтында орналасқан.

Барлық сұрақтар бойынша келесі телефондарға хабарласу қажет: 8 (7172) – 55-04-28, 55-04-30, 8 771 605 17 14.

Үлескерлердің қаражатын қабылдауға құқығы жоқ құрылыс салушылардың тізімі:

  • «BS Company» ЖШС (Би Эс Компани)
  • «White Gold Development» ЖШС
  • «АСД Альянс» ЖШС
  • «Dicoldi Partners» ЖШС
  • «Transcapital» ЖШС
  • «Проектная компания Астана Девелопмент» ЖШС 
  • «Азия» ЖШС
  • «NUR-Tas-2020» ЖШС
  • «Актас-М» ЖШС
  • «Строительная фирма Astana Building» ЖШС
  • « Градум Строй » ЖШС
  • «Техмонтажстрой» ЖШС 
  • «Байтас инвест» ТҚК
  • «Ер-Тау» ЖШС
  • «Galamat group» ЖШС
  • «Белая гора» ТҚК
  • «Tower park» ЖШС
  • «Жер Билдинг» ЖШС
  • «Арнау-Тауэр» ЖШС
  • «РДМ-СЕРВИС» ЖШС
  • «Медет холдинг» ЖШС
  • «Mainstreet» ЖШС
  • «Береке Қурылыс 2030» ЖШС
  • «КОКТАЛ SMART» ЖШС
  • «БестМет» ЖШС
  • «Sabio construction» ЖШС
  • «Казахстанская Строительно-монтажная компания Основа» ЖШС
  • «Нурлы-Жол-К-2008» ЖШС
  • «GBG.kz» ЖШС
  • «Mercury sport» ЖШС
  • «Шабыт 2020» ЖШС
  • «Kappas Group» ЖШС
  • «Титан Строй КЗ» ЖШС
  • «Invest building KZ» ЖШС
  • «Green Line Terra» ЖШС
  • «Бахыт мекені» ЖШС
  • «GPARK» ЖШС
  • «Астана Девелопмент Груп» ЖШС
  • «Meireеn» ЖШС
  • «Astana private School» ЖШС
  • «Aibat Construction» ЖШС
  • «АСД Альянс» ЖШС
  • «Astana city stroy» ЖШС
  • «Строй-Инвест-Групп KZ» ЖШС
  • «Mars project» ЖШС
  • «ПромСтройГарант» ЖШС
  • «East 2021» ЖШС
  • «Building construction» ЖШС
  • «Урбан строй холдинг»
  • «Орта Азия Құрылыс Компаниясы» ЖШС
Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл