Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Елордада қыркүйек айында вакцинация алғандар арасында екі бөлмелі пәтер ойнатылады
Жаңалықтар

Елордада қыркүйек айында вакцинация алғандар арасында екі бөлмелі пәтер ойнатылады

11.08.2021
1 мин
2
871

Биыл қыркүйек айында еліміздің бас қаласында вакцинацияланғандар арасында екі бөлмелі пәтер ойнатылады, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Елордада жылжымайтын мүлікті осы жылдың 25 маусымы мен 31 тамызы аралығында вакцинаның бірінші компонентін алған 18 жастан асқан қала тұрғындары ұтып ала алады. Бұл ұтыс ойынына вакцинацияның барлық пунктінде екпе алғандар қатысады: медициналық мекемелер, СОО/СҮ. Ұтыс ойынына қатысу автоматты түрде жүргізіледі. Арнайы құжат толтырып, тіркелудің қажеті жоқ. Екі бөлмелі пәтердің ұтыс ойыны тікелей эфирде өтеді.

«Бағалы сыйлықтардың ұтыс ойындары қала тұрғындарын вакцинациялауға ынталандыру үшін өткізіледі. Вакцинация ғана өз денсаулығыңызды да, жақындарыңыз бен айналаңыздағы жандардың денсаулығын да қорғауға мүмкіндік береді. Өйткені, басты мақсат – ұжымдық иммунитетті дамыту және карантинге дейінгі режимге оралу», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, «MEGA Silk Way» СОО-дағы вакцинация пунктінде 23 маусым мен 31 тамыз аралығында вакцинацияның бірінші компонентін алғандар арасында автомобиль ұтысы өтеді.

Birge (https://birge-elorda.kz/nur-sultan) платформасында ұтыс ойынының жеңімпаздарын анықтау үшін арнайы рандомайзер сервисі орнатылған. Оны әзірлеуге IT-қауымдастық қатысты. Екпе алғандар бойынша сервис ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйесімен біріктірілген.

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
2 Пікір
Ж
Жаңабике 11.08.2021
Шын 2 бөлме кв маған бұйырсын немерем өз уйінде ойнап журсін ниетімді тілегімді аллам қабыл болсын мықты денсаулық тілеймін
Жауап беру
Ж
Жаңабике 11.08.2021
Маған бұйырсын 2 бөлме кв аллам жар болсын Маған уй бұйырсын шын жүректен тілеймін
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл