| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Дәрігерлердің мәліметінше, қазан айынан бастап елордада қызылша ауруы көбейген. Қазір ауруханаларда 50-ден астам бала ем алып жатыр, олардың басым бөлігі – 5 жасқа дейінгі балалар, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Медицина мамандарының айтуынша, қазан айынан бері елордада қызылша жұқтырғандар саны артқан. Қазіргі таңда стационарда «қызылша» диагнозымен 50-ден астам бала ем қабылдап жатыр. Науқастардың көбі 5 жасқа дейінгі балалар болғанымен, олардың қатарында мектеп оқушылары, сондай-ақ колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері де бар.
Дәрігерлер қызылшаның ауа-тамшы жолымен тез тарайтынын ескертеді. Ауру адаммен байланыс кезінде жұқтыру қаупі өте жоғары. Мамандар ата-аналарды вакцинацияны кейінге қалдырмай, балаларды уақытылы екпе алдыруға шақырады. Себебі вакцина – қауіпті инфекциялардың алдын алудың ең тиімді жолы.