Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Астанада Республика күніне орай демеушілік қаражат есебінен мерекелік отшашу ұйымдастырылады және одан басқа 100-ден астам іс-шара өткізіледі, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Қалалық әкімдіктің хабарлауынша, отшашуды 25 қазан күні сағат 21:00-де Триатлон саябағында (Пирс ауданы) тамашалауға болады.
Айта кетейік, осы айтулы күннің құрметіне орай Астанада 100-ден астам мәдени-бұқаралық, білім беру, спорттық және әлеуметтік іс-шара, соның ішінде мерекелік концерттер, көрмелер, дөңгелек үстелдер, ұлттық спорт түрлері бойынша турнирлер және басқа да көптеген іс-шара өткізу жоспарланған.
25 қазанда сағат 15.00-ден 16.30-ға дейін орталық алаңда және елорда саябағында қазақ эстрадасының жұлдыздары мен би ансамбльдерінің қатысуымен мерекелік концерттік бағдарламалар өтеді. Іс-шара барысында гір көтеру, асық ату, қол күрес және т.б ұлттық ойындар да өткізіледі. Мереке аясында елордада және әрбір ауданда түрлі саланың еңбек сіңірген қызметкерлері, еңбек ардагерлері, белсенді азаматтары марапатталады.
25 қазан - Республика күні Қошқарбаев, 29/1 мекенжайы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында қарттар арасында дойбыдан жарыс өтеді.
25-26 қазан күндері Ә.Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрында сағат 19:00-де автор Мұхтар Шахановтың қатысуымен "Танакөз" спектаклінің премьерасы өтеді.
Іс-шаралар орталық алаңдар мен ірі нысандарда, сондай-ақ тұрғын алаптардың аумақтарында, білім беру ұйымдарында және т. б. орындарда өткізіледі.