Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Елордада түрмеден шыққандарға ақшалай көмек берілмек
Жаңалықтар

Елордада түрмеден шыққандарға ақшалай көмек берілмек

25.05.2022
1 мин
3
1193

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі түрмеде жазасын өтеп шыққан азаматтарға 47,7 мың теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек көрсетуді жоспарлап отыр. Бұл туралы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Илья Скуб айтты.

«Құрметті депутаттар, назарларыңызға жекелеген санатқа жататын азаматтарды әлеуметтік көмекпен қамту туралы жобаға өзгеріс енгізу ұсынылып отыр. Атап айтқанда, әскери ардагерлерге берілетін біржолғы әлеуметтік төлемнің көлемін 20 АЕК-тен 35 АЕК-ке (1 АЕК – 3180 теңге) арттыру. Аталған әлеуметтік шара 800 адамға қатысты. Сонымен қатар алғаш рет түрмеден босап шыққан азаматтарға 15 АЕК көлемінде біржолғы төлем беруді ұсынып отырмыз», - деді Илья Скуб қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында. 

Оның айтуынша, біржолғы төлемді алу үшін түрмеден шыққан соң 6 айдың ішінде өтініш берілуі тиіс. 

«Азаматтарды әлеуметтік көмекпен қамтуға қатысты ұсынылған жоба Қазақстан Республикасының заңнамаларына қайшы емес. Сол сияқты құқықтық актілерге қойылған талаптарға сәйкес келеді. Жобаға енгізілген өзгерістерді қолдауды сұраймыз», - дейді ол. 

 

Банк картасындағы CVV коды нені білдіреді?
1158 адам
интернеттегі операцияларға арналған 3 таңбалы сан 0%
карта иесі жайлы нақты мәліметтер жинақталатын 9 таңбалы сан 0%
төлем жүйесінің голлограммасы 0%
банк идентификаторы, яғни картаның қай банктен шыққаны жазылады 0%
Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
3 Пікір
А
Аий 25.05.2022
Алжыған арамтамақ қақбастар өздері қамалып өздеріне ақша төлеп жатыр. Таза коррупция. Махинация
Жауап беру
Б
Бекболат 25.05.2022
Ақшаны мұқтаж жандарға беру керек. Түрмеден шыққандарға жұмыс берсін. Жұмыс жасасын олар.
Жауап беру
М
Мендыгуль 25.05.2022
Ақшалай емес, оларға жұмыспен көмектесу керек қой.
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл