Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Соңғы 10 айда Қазақстанда 103 мыңнан астам неке, ал, 2024 жылдың басынан бері 40 мың жаңа неке тіркелген, деп хабарлайды dauletten.kz «Азаматтарға арналған үкіметтің» баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
2023 жылдың шілдесінен бері Қазақстанда 328 мың бала туғаны хабарланып отыр.
«Мемлекеттік корпорация 10 айда 103 мыңнан астам неке тіркеген, ал 2024 жылдың басынан бері 40 мың жаңа отбасы құрылды. Неке саны бойынша көш бастап тұрған Алматы, Астана және Шымкент қалалары. Сондай-ақ, 2023 жылдың шілдесінен бастап 328 мың баланың туғаны тіркелді», - деп хабарлайды корпорация.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін, 15 мамырда бүкіл әлем жұртшылығы БҰҰ бекіткен халықаралық отбасылар күнін атап өтеді.