Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Елордада
Жаңалықтар

Елордада "URKER - 2024" ұлттық сыйлығының жеңімпаздары марапатталды

27.09.2024
1 мин
0
121
Сурет: https://t.me/madenietaqparat/13597

Елордада "URKER - 2024" ұлттық сыйлығының жеңімпаздары марапатталды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Биыл дәстүрлі түрде өтетін "URKER - 2024" республикалық байқауына еліміздің түкпір-түкпірінен 400-ден астам өтінім түсті. Шорт-листке 52 үміткер ілінген. Үздік жұмыстарды беделді журналистер, саланың еңбек сіңірген қайраткерлері және халықаралық медиа сарапшылардан құралған қазылар алқасы анықтады.

12 номинация бойынша жеңімпаз атанғандар:

  • Жылдың үздік сұхбаты – Нұрлан Оразғалиев, Inbusiness.kz
  • Жылдың үздік репортажы – Абрамова Юлия, Nur.kz
  • Әлеуметтік тақырыптағы үздік материал – Ксения Евдокименко, Time.kz
  • Жылдың үздік журналистік зерттеуі – Байкенже Нұрлат, "Astana Aqshamy"
  • Жылдың үздік аналитикалық материалы – Ниталиев Тимур, Ulysmedia.kz
  • Жылдың үздік жаңалықтар порталы –Abai.kz
  • Радиостанциядағы үздік жоба – Қымбат Досжан, "Қазақ радиосы"
  • Жылдың үздік фотосуреті – Сабиров Сали, Оlympic.kz
  • Үздік өңірлік БАҚ – "Наш Костанай" газеті
  • Халықаралық БАҚ-та Қазақстан туралы жарияланған үздік материал (баспа, радио, интернет-журналистика саласында) – Әшенова Торғын, Омбы қазақтары" газеті
  • Үздік подкаст – NeQuryltay
  • Үздік YouTube арна – Sayahat Time (balbal.kz)

Байқау жеңімпаздарына естелік мүсіншелер мен 1 000 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлық табысталды.

Іс-шара барысында Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева қатысушыларға ұлттық сыйлыққа қызығушылық танытып, отандық медианың дамуына үлес қосқандары үшін алғысын білдірді. Сондай-ақ негізгі 12 номинациядан бөлек, "Время" газеті ұжымына арнайы сыйлықты тарту етті. 

Балалар жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдық мерейтойына орай "Заң" газеті арнайы марапатқа ие болды.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл