Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Елордалық соғыс ардагерлеріне 1,5 млн теңгеден беріледі
Жаңалықтар

Елордалық соғыс ардагерлеріне 1,5 млн теңгеден беріледі

27.04.2023
1 мин
0
614

Бүгінде Астанада Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан 10 ардагер тұрады. Жеңіс күніне орай олардың әрқайсысы 1,5 миллион теңгеден алады, деп хабарлады Dauletten.kz қалалық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елордада тұратын 10 Ұлы Отан соғысының ардагерінің ең үлкені – 103 жаста, ең кішісі – 97 жаста. Биыл Жеңіс күніне орай олардың әрқайсысына 1,5 миллион теңге төлеу туралы шешім қабылданды.

ЧАЭС қатысушылары мен мүгедектерінен бөлек, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген 436 адам 120 750 теңгеден алады. Олардың қатарында ҰОС кезеңінде қызмет еткен 13 әскери қызметші, фашистік Германияға қарсы іс-қимылдарға қатысқан жандар, Ленинградта блокада кезеңінде еңбек еткен азаматтар, концлагерьлердің кәмелетке толмаған тұтқындары, мүгедек болған әскери қызметшілер бар.

Өзге мемлекеттердің аумағындағы болған әскери іс-қимылдардың ардагерлеріне (Ауғанстандағы әскери іс-қимылдан басқа) - тәжік-ауған учаскесінде, Ирактағы халықаралық бітімгершілік операциясында, Таулы Қарабақта этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан міндеттерді орындаған әскери қызметшілерге 35 АЕК (120 750 теңге) мөлшерінде төлемдер көзделген. Елордада 899 адам бар.

Тыл еңбеккерлері, қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасылары, қайтыс болған ҰОС мүгедектерінің жұбайлары 9 мамырға дейін 11 АЕК (37 950 теңге) мөлшерінде төлем алады.

Айта кетейік, ардагерлерге тиісті төлемдер 27 сәуірден бастап беріле бастайды.

Сонымен қатар жергілікті бюджет қаражатынан Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне мынадай қызметтер тегін көрсетіледі:

- коммуналдық қызметтер үшін ақшалай өтемақы, ол ай сайын пәтердің ауданына байланысты 5-тен 8 АЕК-ке дейінгі мөлшерде бөлінеді;

- дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету;

- мерзімді басылымдарға жазылуға, моншаларға, шаштараздарға жылына бір рет баруға (жыл басында жеке шоттарына 6,5 АЕК аударылады) әлеуметтік көмек;

- санаториялық-курорттық емдеу қызметтері;

- қалалық жолаушылар көлігінде жеңілдікпен жол жүру;

- тіс протездеу қызметтері.

Фото: Baq.kz

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл