462.22
536.5
5.43
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Енді алаяқтықпен рәсімделген несие үшін салық төленбейді
Жаңалықтар

Енді алаяқтықпен рәсімделген несие үшін салық төленбейді

19.08.2026
мин
0
64
Сурет: NUR.kz

Алаяқтардың кесірінен өз атына несие рәсімделген қазақстандықтарға жеңілдік жасалуы мүмкін. Қарыздың алаяқтық жолмен алынғаны анықталып, банк оны есептен шығарса, азаматтан жеке табыс салығын талап етпеу ұсынылды, — деп хабарлайды Dauletten.kz.

Қазақстанда алаяқтардың құрбаны болған азаматтарға қатысты салық тәртібін өзгерту мәселесі көтерілді. Егер адамның атына несие оның қатысуынсыз рәсімделіп, кейін банк бұл қарызды есептен шығарса, жәбірленушіге сол сома үшін жеке табыс салығын төлеу міндетін жүктемеу ұсынылып отыр.

Мәселенің себебі қолданыстағы салық ережесіне байланысты. Қазір банк кешірген немесе есептен шығарған қарыз азаматтың табысы ретінде қарастырылуы мүмкін. Соның салдарынан алаяқтықтан зардап шеккен адамның қарызы жойылғанымен, оның алдында тағы бір салық міндеттемесі пайда болуы ықтимал.

Осы жағдайды қайта қарау туралы ұсынысты Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі көтерді. Мәселе жобалық кеңсе отырысында талқыланды.

Вице-премьер Серік Жұманғарин мұндай жағдайға тап болған азаматты банктің кәдімгі коммерциялық қарыз алушысымен бірдей қарауға болмайтынын айтты. Оның пікірінше, егер адамның алаяқтық әрекетке қатысы болмаса және қарыз соның салдарынан пайда болса, азаматтың жағдайын бөлек қарау қажет.

Алайда мұндай жеңілдік барлық кешірілген несиеге бірдей берілмейді. Үкімет банктің өз коммерциялық шешімімен есептен шығарған қарызы мен алаяқтық нәтижесінде пайда болған берешекті ажыратуды көздеп отыр.

Сондықтан енді ең маңызды мәселе — азаматтың шынымен қиын жағдайға тап болғанын қандай талаптар арқылы анықтау.

Отырыста «қиын өмірлік жағдай» ұғымын заң жүзінде нақтылау ұсынылды. Алдын ала қаралған өлшемдер қатарында мүгедектік, еңбекке қабілеттіліктен айырылу, адамның мүлкі мен табысының болмауы сияқты жағдайлар бар.

Бірақ бұл тізім әлі түпкілікті бекітілген жоқ.

Уәкілетті мемлекеттік органдарға Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірге есептеулер жүргізіп, нақты критерийлерді әзірлеу тапсырылды. Келісілген ұсыныстар келесі отырыста қайта қаралады.

Бұл өзгеріс қабылданса, алаяқтықтың құрбаны болған адам үшін маңызды жеңілдік болмақ. Себебі кей жағдайда азамат біріншіден, өз атына заңсыз рәсімделген несиемен күрессе, екіншіден, қарыз есептен шығарылғаннан кейін туындайтын салық мәселесін шешуге мәжбүр болуы мүмкін.

Дегенмен мұнда тағы бір күрделі сұрақ бар: алаяқтықпен рәсімделген несиені кім және қандай тәртіппен анықтайды? Егер осы механизм нақты жазылмаса, жаңа жеңілдіктің өзін пайдаланып кетуге тырысатын жағдайлар туындауы мүмкін.

Сондықтан ұсыныстың тағдыры тек салықтан босатуға емес, алаяқтық фактісін дәлелдеу мен қарызды есептен шығару тәртібіне де байланысты.

Қазір бұл норма әлі қабылданған жоқ. Мемлекеттік органдар ұсыныстың қаржылық және құқықтық салдарын есептеп жатыр.

Жиында бұдан бөлек борыштық бағалы қағаздар бойынша дисконтқа салық салу тәртібі де қаралды. Үкімет бұл бағыттағы нормаларды нақтылап, купон мен дисконттан түсетін табысқа салық салудың бірыңғай тәсілін қалыптастыруды ұсынды.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл