Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Енді enbek.kz порталында жұмыс берушімен онлайн әңгімелесуге болады
Жаңалықтар

Енді enbek.kz порталында жұмыс берушімен онлайн әңгімелесуге болады

28.08.2023
1 мин
0
540

Enbek.kz электрондық еңбек биржасының порталында жұмыс берушілер өз түйіндемесін орналастырған жұмыс іздеушілермен бейне әңгімелесу өткізуге мүмкіндік алды, деп хабарлайды Dauletten.kz.

«Enbek.kz порталында бейне әңгімелесу өткізу үшін жұмыс іздеуші пен жұмыс берушіге қосымша қолданбаларды орнатудың қажеті жоқ. Бұл функция тегін және жеке кабинетте қол жетімді.

Жұмыс беруші бейне сұхбат өтетін күн мен уақытты белгілеп жұмыс іздеушіге шақыру жібереді. Өз кезегінде жұмыс іздеуші өз электрондық поштасына бейне қоңырауға қосылуға белсенді сілтеме көрсетілген шақыру алады. Егер ол сұхбаттасудың осындай форматына дайын болса, онда тек белгіленген уақытта бейне қоңырауға қосылу жеткілікті»,- дейді ведомства өкілдері.

Айта кетейік, бейне сұхбаттан өту үшін үміткер камера мен микрофонды қосып, жұмыс берушімен сұхбат кезінде техникалық ақауларды болдырмау үшін интернет байланысының тұрақтылығын тексеріп алғаны жөн.

Enbek.kz порталындағы бейне әңгімелесу форматы жұмыс берушіге уақытты үнемдеуге, егер кандидат жолсапарда болса, көп сатылы іріктеу кезеңінде кездесуді кейінге қалдырмауға, сондай-ақ бос жұмыс орнын толтыру уақытын қысқартуға мүмкіндік береді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
286
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл