| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Енді ірі несие алу үшін алақан ізі де енгізілмек, — деп хабарлайды Dauletten.kz.
Қаржы саласын реттейтін орган мен Ұлттық банк банктердегі сәйкестендіру жүйесіне өзгеріс енгізу туралы шешім қабылдады. Жаңа талаптарға сәйкес, ірі көлемдегі несие рәсімдеу барысында қосымша биометриялық тексеру ретінде алақан ізі қолданылуы мүмкін.
Бұл жаңашылдық клиентті танудың бұрынғы тәсіліне — бет-әлпет арқылы тексеруге — қосымша ретінде енгізіліп отыр. Барлық биометриялық деректер арнайы ұлттық базаға автоматты түрде тіркеледі.
Жаңа тәртіп 2025 жылдың 12 шілдесінен бастап күшіне енеді және ел аумағындағы барлық екінші деңгейлі банктер мен қаржы ұйымдарына міндетті болады.
Құжатта көрсетілгендей, банктер бірыңғай сәйкестендіру жүйесін қашықтан шот ашу, цифрлық қолтаңба беру, жоғары сомада несие рәсімдеу, онлайн тіркеу және клиент деректерін жаңарту сияқты қызметтерде пайдаланатын болады.