Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Енді кредиттік серіктестіктер, ломбардтар, микроқаржы және онлайн-кредит ұйымдары арнайы тізімге тіркеліп отыратын болады. Бұл істі Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қолға алды. Яғни ведомство сайтындағы тізімге аталған компаниялардың ресми түрде тіркелгендері ғана енгізіледі.
Ресми дерекке сүйенсек, қазіргі уақытта ресми тіркеуден 3 қарашадағы мәліметке сәйкес 1 112 компания өтті. Банктерді реттеу департаменті директорының орынбасары Бақытбек Рысымбетов кредиттік серіктестіктер, ломбардтар, микроқаржы және онлайн-кредит ұйымдары агенттіктің өңірлік басқармаларының септігімен мәліметтерді әрдайым жаңартып тұратынын айтты. Сондай-ақ микрокредит алу қажет болса, компанияны агенттіктің сайтындағы тізімнен тексеріп алуға шақырды. Өйткені елімізде есептік тіркеуден және қайта тіркеуден өтпеген, құжаттар топтамасын бермеген және заң бойынша микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға құқығы жоқ бірқатар ұйым әлі де бар. Ондай ұйымдар мәжбүрлі түрде таратылатын не қайта ұйымдастырылатын болады.
Тағы көру