Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Енді ШҚО-ның алты ауданының тұрғындары жаңа автокөлік көпірінің ашылуына орай Өскеменге жылдам қатынайтын болады. Бұл туралы көлік министрі М.Қарабаев айтты, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Көлік министрі Марат Қарабаевтың мәліметінше, Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін ең ұзын автомобиль көпірінің ашылуына орай алты ауданның тұрғындары Өскеменге жылдам қатынайтын болады.
- 2019 жылы Мемлекет басшысы тарихи шешім қабылдап, 2020 жылы Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпірдің құрылысы басталды. Көпірдің стратегиялық, әлеуметтік, туристік және транзиттік маңызы бар. Әлеуметтік тұрғыдан алғанда, көпірдің маңында орналасқан алты ауданның, яғни 120 мыңнан астам азаматтың бүгінде облыс орталығына тәулік бойы қатынай алатынын атап өткен жөн, - деді Марат Қарабаев.
Сондай-ақ министр ең басты мақсат – көпірдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету екенін айтты. Ол үшін екі жағынан 40-қа жуық арнайы мұзжарғыш және көпірді тәулік бойы бақылау үшін тиісті камералар толығымен орналастырылған. Құрылыс тәулігіне 80 мыңға дейін автомобиль өткізе алады, өткелге дейін 18 км жаңа жол салынды.