Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
1 шілдеден бастап полиция қызметкерлері тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарының жазбаша арызын күтпейді және өз бетінше әкімшілік істерді қозғай бастайды, деп хабарлайды Dauletten.kz.
«1 шілдеден бастап полицейлер тұрмыстық құқық бұзушылықтарды тіркеудің декларациялық сипаттаудан әшкерелеу сипатына ауысады. Жаңа түзетулер Тұрмыстық зорлық-зомбылық фактісі бойынша жәбірленушілердің шағымынсыз әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғауға мүмкіндік береді. Хаттама жасау үшін куәгерлердің, көршілердің айғақтары, бейнебақылау камералары мен бейнетіркегіш жеткілікті болады. Түпкілікті шешімді сот шығарады. Тараптардың татуласуы мүмкін емес», - деді Руслан Қаржаспеков ҚР Ішкі істер министрлігінде өткен брифингте.
фото: gov.kz