Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Енді зейнетақы жинағын баланың еміне пайдалануға болады
Жаңалықтар

Енді зейнетақы жинағын баланың еміне пайдалануға болады

28.02.2022
1 мин
1
1137

Денсаулық сақтау министрлігі емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларына өзгерістер енгізетін бұйрық жобасын дайындады.

Сонымен қатар алушы жұбайының және жақын туыстарының біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалана алады. Ол үшін тараптар алушының жеке кабинетінде екені немесе туыстық қатынастарды растайтын құжаттармен қоса, ЭЦҚ-мен куәландырылатын біржолғы зейнетақы төлемдерін беру туралы келісім жасасады.

Өтініш беруші қорытындыны алғаннан кейін медициналық ұйымды (шетелдік ұйымды да таңдауға болады) таңдайды және шарттың сканерленген нұсқасын немесе төлем шотын әрі қарай бекіте отырып және уәкілетті оператордың интернет-ресурсындағы өзінің жеке кабинетінде дәрігерлік комиссияның қорытындысын қоса өткізіп, онымен медициналық қызметтер көрсету туралы шарт жасасады.

Емделуге ақы төлеуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдерінің нысаналы пайдаланылуын растайтын құжаттар мыналар:

1) қорытынды;

2) медициналық ұйым мен алушы арасында жасалған медициналық қызметтер көрсету туралы шарт және дәрілік заттарды сатып алуға сатушы мен алушы арасындағы шарт.

Медициналық қызметтерді шетелде алу кезінде деректемелерді (төлем шотын) және медициналық ұйым мен алушы арасында жасалған медициналық қызметтерді көрсету туралы шартты (құжаттар шет тілінде жасалған жағдайларда нотариалды куәландырылған аудармасын қоса бере отырып) көрсете отырып, төлемді жүзеге асыру үшін қажетті құжатты ұсынуға рұқсат етіледі.

Бұйрықтың жобасын Ашық НҚА сайтынан оқуға болады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
1 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл