| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 | 
| Лайт | 0.00 | 0.00 | 
 
                                Үкімет отырысынан кейін өткен брифингте Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова жедел жәрдем қызметкерлеріне жасалатын шабуылдар мәселесіне тоқталды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Бұл дөрекі әрекеттерден қорғау үшін енгізілетін тәсіл.
– Медицина қызметкерлерін жұмыс уақытында қорғау – өте өзекті мәселе. Осыған байланысты жедел жәрдем қызметін атқару кезінде медицина қызметкерлеріне шабуыл жасағандарды қылмыстық жауапкершілікке тартуды ұсынып отырмыз. Бас прокуратура, Әділет министрлігі мен ІІМ бұл ұсынысты қолдады, – деді министр.
Министрдің айтуынша, шақырту кезінде барлық жағдайды бейнетіркеуге мүмкіндік беретін видеожетондар енгізілмек.
– Бұл норма 225-бұйрыққа енгізілді. Енді оны жүзеге асыру үшін әкімдіктер қаржы бөлуі тиіс. Бұл жұмыс кезең-кезеңімен 2025 жылдың соңына дейін аяқталады, – деді Әлназарова.
Айта кетейік, видеожетондарды қолдану тәжірибесі Алматыда енгізілген.
                                                                    
                                
                                
                                
                               
                            