Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Елімізде жылдамдық режимін асырған жүргізушілер үшін айыппұл мөлшері екі есе артады. Енді заң бұзған азаматтар 40 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (147 680 теңге) айыппұл төлейтін болады. Егер бір жылдың ішінде құқық бұзушылық қайталанса, айыппұл 60 АЕК-ке (221 520) дейін артады, - деп хабарлайды Dauletten.kz "Информбюро" жаңалықтарына сілтеме жасап.
Президент жол қозғалысын ұйымдастыруға қатысты екі заңға бірдей қол қойды.
Олардың бірінде Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгерістер енгізіліп, жүргізушілерге арналған айыппұлдардың жаңа мөлшері бекітілді. Бұл айыппұлдар екі айдан заңды күшіне енеді.
Жаңа өзгерістерге сәйкес, жылдамдық режимін 60 км/сағ немесе одан көп асырған жүргізушілер үшін айыппұл мөлшері екі есе артады. Енді заң бұзған азаматтар 40 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (147 680 теңге) айыппұл төлейтін болады. Егер бір жылдың ішінде құқық бұзушылық қайталанса, айыппұл 60 АЕК-ке дейін артады, яғни 221 520 теңге. Ал келер жылы АЕК мөлшері 3 932 теңгеге дейін өсуі мүмкін, сондықтан бұл айыппұл (147 680) 157 280 теңгеге, қайталанған жағдайда (221 520) 235 920 теңгеге дейін артуы әбден мүмкін.
Құрметті қазақстандықтар! Жол - қателіктерді кешірмейді. Сақ болыңыздар!