Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен арнайы бақылауға алынған және есірткіні өндіру әрі әзірлеу үшін қолданылатын құралдардың тізіміне өзгерістер енгізілді, – деп хабарлайды Dauletten.kz, Polisia.kz сілтеме жасап.
Қазіргі уақытқа дейін тізімде барлығы үш зат болды. Олар ампулаларды толтыруға, оларды тығыздауға және дәрі-дәрмекті басуға арналған жабдық.
Алайда халықаралық заңнамаға және БҰҰ есірткі заттары жөніндегі комиссиясының ұсынымдарына сәйкес, сондай-ақ синтетикалық есірткіні заңсыз өндіру фактілерінің өсуіне байланысты аталған тізімді толықтыру туралы шешім қабылданды.
Мысал ретінде, Алматы қаласында және Алматы облысында синтетикалық есірткінің заңсыз өндірісін ұйымдастырған қылмыстық топ зертханалық реакторлар, вакуумдық сорғылар және магниттік араластырғыштарды қолданғаны анықталған болатын.
Одан бөлек Қазақстан аумағында синтетикалық есірткі өндіруге арналған зертханаларды жою кезінде анықталған құралдар арасында Бюхнер сүзгісі, нақтылығы жоғары электрондық таразы мен Либих тоңазытқышы да бар.
Осылайша есірткі өндіруге және әзірлеуге арналған құрал-жабдықтардың тізімі зертханалық реактор, вакуумдық сорғы, магниттік араластырғыш, колбожылытқыш, конденсаторлар және тағы да басқа 19 жаңа жабдықпен толықтырылды.
Есірткінің заңсыз айналымына ҚР ҚК-нің 301-бабы “Улы заттар, сондай-ақ есірткі әзірлеу үшін қолданылатын жабдықтың заңсыз айналымы” бойынша қылмыстық жауапкершілік көзделген.