| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Ішкі істер министрлігі адамның жүзін тануға кедергі келтіретін киім киген азаматтарға әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын мәлімдеді. Алдымен ескерту беріледі, талап орындалмаса айыппұл салынады, — деп хабарлайды Dauletten.kz.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, адамның түрін тануға мүмкіндік бермейтін киімдерді қоғамдық орындарда киіп жүрген азаматтарға әкімшілік шара қолданылады.
Ведомствоның түсіндіруінше, алдымен полиция қызметкерлері азаматқа ескерту жасайды. Егер бұл талап орындалмаса, «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» заңның 75-бабының 3-тармағына сәйкес, 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады.
Сонымен қатар бұл талап барлық жағдайға бірдей қолданылмайды. Атап айтқанда, ауа райының қолайсыздығына байланысты бет-жүзді жабу, медициналық көрсетілімдер, қызметтік міндеттерді орындау, сондай-ақ спорттық және мәдени іс-шараларға қатысу кезінде мұндай шектеу қолданылмайды.
Министрлік азаматтарды заң талаптарын сақтауға және полиция қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға шақырды.