Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Интернет алаяқ астаналық әйелді 90 млн теңгеге алдап кеткен
Жаңалықтар

Интернет алаяқ астаналық әйелді 90 млн теңгеге алдап кеткен

03.03.2023
1 мин
0
569

Астанада интернет арқылы ғашық болған әйел сүйіктісіне 90 миллион теңгеден астам ақшаны жібере салған. Бірақ ер адам алаяқ болып шықты, деп хабарлайды Dauletten.kz Астана қаласының сотына сілтеме жасап.

Екеуі әлеуметтік желіде танысқан. Ер адам жаңа танысын бірден ұнатып қалғанына сендірді. Ал өзін зауыт директоры ретінде таныстырды. Бірақ кәсіпорын банкроттық сатыда тұрғанын айтты. Сосын жақын туыстарының қайтыс болғанын хабарлап, ақшаға қатты мұқтаж екенін жеткізді. Әйел оған сеніп қалды. Сөйтіп, сүйіктісі ақшаны сұраған сайын онлайн-банкинг арқылы аударып отырды. Барлығы 91,6 миллион теңге жіберген.

Алаяқ ұсталды. Ер адам бес баланың әкесі болып шықты. Соттың шешімімен 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Жәбірленушінің пайдасына 91 миллион теңгеден астам ақша өндірілді.

Сотталған ер адам апелляциялық шағым да түсірген. Сол кезде кәмелетке толмаған 5 баланың бар екенін, зайыбының жұмыс істемейтінін, сондай-ақ денсаулық жағдайын ескеріп, жазаны жеңілдетуді сұрады. Бірақ сот үкімі өзгеріссіз қалды.

Фото: tolqyn.kz

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл