Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Инвестициялар артса, экономика 2,5 есеге өсуі мүмкін — Ұлттық экономика министрі
Жаңалықтар

Инвестициялар артса, экономика 2,5 есеге өсуі мүмкін — Ұлттық экономика министрі

17.02.2026
мин
0
80
Сурет: Егемен Қазақстан

Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Қазақстан экономикасының құрылымдық өзгерістері мен инвестициялық әлеуеті туралы айтты, - деп хабарлайды Dauletten.kz. 

Министрдің мәліметінше, дұрыс жоспарланған инвестициялар 2025–2029 жылдары негізгі капиталға салынатын қаржыны 2,5 есеге арттыра алады.

- 2010 жылдан бері өңдеуші өнеркәсіптің жалпы ішкі өнімдегі үлесі 11,3%-дан 12,4%-ға өскен. Ал тау-кен өндіру саласының үлесі екі есеге жуық қысқарып, 19,5%-дан 12%-ға дейін төмендеген. Мұнай мен газ өндіру секторындағы үлес те айтарлықтай азайып, 16,5%-дан 8,1%-ға дейін түскен. Бұл экономиканың құрылымдық өзгеріп, өңдеуші өнеркәсіптің рөлі артып келе жатқанын көрсетеді,  - деді министр.

Экономикалық күрделілік индексі бойынша 2024 жылы Қазақстан 145 елдің ішінде 55-орынға көтерілген. 2020 жылы ел 87-орында тұрған еді.

Министрдың айтуынша, алға қойылған мақсаттарды іске асыру үшін инвестиция көлемін ұлғайту маңызды. Ұлттық жоспарға сәйкес, инвестициялар ЖІӨ-ге қатынасы қазіргі 14–15%-дан 2029 жылы 23%-ға дейін өседі. Нәтижесінде негізгі капиталға салынатын инвестициялар 2024 жылғы деңгеймен салыстырғанда 2,5 есеге артады. Бұл 2025–2029 жылдары қосымша 120 млрд АҚШ долларын тартуға мүмкіндік береді, ал жиынтық инвестициялар көлемі 400 млрд АҚШ долларына жетеді.

Осылайша, министрдің мәліметі бойынша Қазақстан экономикасы құрылымдық өзгерістер арқылы диверсификацияланып, өңдеуші сектордың үлесі артып, елдің инвестициялық әлеуеті едәуір күшейетін болады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл