Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Ипотека рәсімдеу арқылы 110 миллион теңге жымқырған алаяқ сотталды
Жаңалықтар

Ипотека рәсімдеу арқылы 110 миллион теңге жымқырған алаяқ сотталды

24.07.2025
1 мин
0
272
Сурет: gov.kz

Алматы облысында алаяқтық арқылы 110 миллион теңге тапқан Қаскелең қаласының 47 жастағы тұрғынына қатысты сот үкімі шықты, – деп хабарлайды Dauletten.kz Polisia.kz.

Анықталғандай, ер адам өзін әкімдік қызметкері ретінде таныстырып, аз қамтылған отбасыларға арналған мемлекеттік ипотекалық бағдарлама арқылы төмен пайызбен баспана алып беремін деп сендірген. Ол азаматтарға пәтерді небәрі 2-3 ай ішінде рәсімдеп беремін деп уәде берген.

Нәтижесінде, ол 47 азаматты алдап, барлығы 110 миллион теңге көлемінде заңсыз пайда көрген. Жоғары білімі бар күдікті ресми түрде еш жерде жұмыс істемеген.

Бірнеше ай бойы уәде етілген пәтер берілмеген соң, жәбірленушілер полицияға жүгінді. Жүргізілген жедел-тергеу шаралары барысында полицейлер күдіктінің алаяқтық әрекетін толық дәлелдеді.

Сот үкімімен ол 4 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар, ол жәбірленушілерге сотқа дейін қайтарылмаған 75 миллион теңгені өтеуге және сот шығындарын төлеуге міндеттелді.

Полиция азаматтарға белгісіз адамдардың "жеңілдетілген шарттармен пәтер алып беремін" деген уәделеріне сенбеуге және сақ болуға кеңес береді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл