Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстан Бас прокуратурасы Қостанай облысында 2024 жылдың қарашасында кәмелетке толмағанға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық жасады деген күдікпен Қазақстан азаматын Ресейден экстрадициялады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Тергеу мәліметінше, күдікті жәбірленушінің жасын және психикалық ауруын біле тұра қылмыс жасап, кейін елден қашып кеткен. Ол Ресейдің Челябі облысында ұсталып, Қазақстанға жеткізілді.
Қазір күдікті тергеу изоляторында. Оған 15 жылдан 17 жылға дейін бас бостандығынан айыру және өмір бойына белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру жазасы қарастырылған.