Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қайғылы оқиға 24 мамырда туристік базаның жағажайында орын алды. Бұл туралы марқұмның тәтесі видео үндеуінде мәлімдеді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Оның айтуынша, балаға көмектеспек болған бірнеше адам да зардап шеккен.
- Әжеміздің айқайын естіп жүгіріп барған қызды да ток ұрыпты. Денесінде екінші дәрежелі күйік бар. Ағасына еңкей деп айқайлап үлгердік. Тағы бір жігітті де ток сәл ұрды, – деді ол.
Марқұмның туысы демалыс орнының әкімшілігі электр желісінің ақауы бар екенін білгенін, бірақ қауіпсіздік шараларын қабылдамағанын айтады. Оның сөзінше, демалушыларға кіреберісте бұл қауіп туралы ескертілмейді де.
- Жоғары кернеулі электр желісіне 8 метрден жақындауға болмайды. Бұл клубтың жабайы жағажайында барқандар мен салбырап тұрған сымдар бар, олар көрінбейді. Олар бұл мәселе жайлы білген, себебі өткен жылы олардың сиырларын сол жерде ток ұрып өлтірген. Әкімшілік демалушылардың қауіпсіздігіне байланысты ешқандай шара қолданбаған. Кіреберісте ешкімді ескертпейді, орын қоршалмаған, ескертетін ешқандай жазу жоқ, – деп атап өтті ол.