Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
«Заманына қарай адамы» деген жақсы сөз бар. Жас болса да, бас болып, өзінің кәсібін жүргізіп жатқан азаматтар жетерлік. Dauletten.kz тілшісі тек кәсібін ғана емес, мемлекеттік сатып алумен айналысатын алматылық Диаспен Жеңісұлымен сұхбаттасты.
Тендер саласымен қашаннан айналысасыз?
Бұл саламен айналысып жүргеніме 3 жылға жуық уақыт болды. Әрине, бастапқыда қиын болғанын жасырмаймын. Кез-келген табыс оңайлықпен келмейтінін білу керек. Бәрі бірте-бірте білім арқылы келетінін түсіндім. Осы салада ақшаны ең көп табатындар білімді жандар деп айтуға толық негіз бар. Себебі, Қазақстандағы ең бай компания - мемлекет.
Елімізде кез-келген адам миллионер бола ала ма және осы уақытқа дейін қандай жетістікке жеттіңіз?
Қазақстанда кез-келген адам өз күшімен миллионер бола алады. «Тоқсан тоғыз пайыз еңбек, бір пайыз талант» деген сөз бекерге айтылмаған. Біздің заманымызға дейін, қазір және бізден кейін де бұл нақыл күшін жоймайды деп ойлаймын. Әрекет еткен адамға құдай өз несібесін береді. Бастысы әр істі ақылмен шешуге керек. Сонда ғана белгілі бір жетістікке жетуге болады. Қазір жасым 21-де. Осы уақытқа дейін өзіме көлік алдым. Айтсаң мақтанғандай боласың, тіл бар, көз бар. Қала іргесінен үй соғуды да қолға алдық. Болашақта жеткенімнен, жетерім көп болатынына сенімдімін.
Қазақ жастары еріншек дегенмен келісесіз бе?
Иә, қазақ жастары расында еріншек. Өзгеден мін іздемеймін. Мен де, менің ортам да еріншекпіз. Қанша жұмыс істесек те әйтеуір бірдеңе жетпей тұратындай. Мұны қанағатсыздық деп қарамау керек. Әлі де жетілдіріп, алға ұмтылу керек дер едім.
Тендер саласында ең көп табыс тапқан және ең көп шығын болған кезді айтып берсеңіз...
Бізде табыс бір қалыпты емес. Кейде еселеп табыс тапсақ, енді бір кезде миллиондап шығынға батамыз. Оның бәрі келісімге байланысты. Мәселен, 9 млн-дық келісімшарттан 6 млн таза табыс түскен. Ұтылған кезім де болды. Бәріне есте сақтау мүмкін емес. Бірақ жалпы 30 млн теңгенің көлемінде болатын шығар.
Естуімізше Алматыдағы үлкен базарларда көтерме саудамаен айналысып жатыр екенсіз. Сол туралы айтып берсеңіз...
Ауылда қора-жай салып, мал көбейту, базардан дүкен ашу бала күнгі арманым болатын. Алматыға алғаш келгенде 7-8 ай тегін жұмыс істедім. Бәрі тәжірибе арқасында келеді екен. Солай өзімді дамытып, саудаға деген ынтам ашылды. Инвестор тартып, өзіме келген мүмкіндікті жақсы пайдаландым. Қазір, шүкір, екі дүкенімізді ашып, ақырындап іске кірістік.
Сұхбаттасқаныңызға рақмет!